Шараның мақсаты –ҚР-да инвестициялық жобаларды іске асырудың тиімділігін және бақылауын қамтамасыз ету үшін «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасының шеңберінде KAZAKH INVEST компаниясы жасаған CRM ақпараттық-мониторингілік жүйесін потенциалды пайдаланушыларға, инвесторларға және мемлекеттік атқарушы органдарға презентациялау.
CRM ақпараттық-мониторинг жүйесі - «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қызметкерлері, қазақстандық және шетелдік инвесторлар және кәсіпкерлер үшін бірыңғай ақпараттық жүйе, ол инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндірістік алаңдар және потенциалды инвесторлардың ақпараттық сұратулары жөнінде толық, шынайы және өзекті ақпаратты қамтиды.
Алғы сөзінде KAZAKH INVEST компаниясының басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев CRM жүйесінің басты міндеттері жөнінде әңгімеледі.
«Бұрын мәлімдегеніміздей, осы жылы біз инвестициялық жобаларды кешенді электрондық мониторингілеудің жүйесін жасауға кіріскен болатынбыз. 1 қазаннан бастап бұл жүйе жұмысын бастады, сондықтан бүгін біз осы залға мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдерін, потенциалды және ағымдағы инвесторларды, қаржы институттарының өкілдерін - CRM жүйесі қызықты және жұмыстарында пайдалы болатын барлық тараптарды жинадық», - деп айтты Б. Қанешев.
Белгілі болғандай, Қазақстан Республикасының Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 464 Жарлығымен «Ақпараттық Қазақстан – 2020» Мемлекеттік Бағдарламасы бекітілді, оның мақсаты ақпараттық қоғамға ауысу үшін жағдайлар тудыру болып табылады.
Бағдарламаның басты міндеттерінің бірі - мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз ету.
CRM жаңа жүйесі инвестицияларды тарту бойынша процесті тиімді басқаруды, жұмыстардың барысын тұрақты мониторингілеуді қамтамасыз ететін деректермен көпжақты алмасуға мүмкіндік береді. Белсенді жобаларға, анықтамалық және маркетингтік материалдарға жалпы қол жеткізу ұйымдастырылады, ақпаратпен алмасу және келістіру жылдамдатылады.
Басқарма төрағасының айтуынша, ел экономикасын дамытуда сандық технологиялар маңызды рөл атқарады. Елдің сандық экожүйесінің прогрессивті дамуы тұрақты экономикалық өсуге, экономиканың жалпы бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауына ықпал етеді.
«CRM жүйесін іске қосу KAZAKH INVEST компаниясының елдің сандық экономикасының іске асырылуына салған үлесі болып табылады. Берілген жүйе жұмыс барысын автоматтандыру құралына айналады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қазақстанда инвесторлар үшін бізде барлық жағдай жасалған. Бұл тұрғыда енгізілген CRM жүйесі инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тиімділігін күшейту бойынша әлемдік инвесторлар қоғамдастығы үшін елеулі сигнал болады», - деп қосты сөз сөйлеуші.
Сонымен бірге Б. Қанешев алдағы кезеңге жоспарлар жөнінде айтты: «Келесі жылы KAZAKH INVEST компаниясы цифровизациялау шеңберінде CRM жүйесін Қазақстанның мемлекеттік органдарының ұқсас жүйелерімен біріктіруді жоспарлайды».
Презентация қатысушыларына CRM мүмкіндіктерін және жүйені жетілдіру потенциалын ұсынды. Сондай-ақ шара шеңберінде CRM-жүйесін тестілеу және қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі болды.